Бағдат Азбаев: Қазақстанның флорасы мен фаунасы бай, бірақ оны қорғау қажет

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазақстанда соңғы 12 жылда киіктердің саны мен олардың мекен ететін ареалының аумағы 12 есеге артты. Сонымен қатар ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев тек 2011 жылы ғана браконьерліктің 180 дерегі тіркеліп, ақбөкеннің 6 мыңнан астам мүйізі алынғанын айтты. Бұл ретте Қазақстанда киіктердің популяциясына қауіп төндіретін олардың аурулары жеткілікті зерттелмеген.


- Бағдат Оразалыұлы, Қазақстандағы киіктердің саны қанша? Олардың мекен ететін ареалы қандай?

- Бүгінге алынған есеп динамикасы көрсетіп отырғандай, киіктердің санының азаюы тоқтатылды, және олардың саны 2003 жылғы 21,2 мыңнан 2014 жылы 256,7 мыңға дейін жетті. Сиреп кеткен киіктерді қорғау және олардың санын көбейту шаралары Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстарында іске асырылуда. Киіктердің санының артуымен олардың мекен ететін ареалы да артып келеді: егер 2003 жылы киіктер жоғарыда аталған аймақтарда мекен етсе, 2014 жылы олар Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстарында ұшыраса бастады. Олардың мекен ететін ареалының ауданы бүгінге 120 млн га.

- Жаңадан салынып жатқан автомобиль және темір жолдар киіктердің және басқа да жануарлардың табиғи ауу жолдарына кедергі келтірмей ме? Урбанизация жабайы аңдардың мекен ететін зонасын тарылтпай ма, ондай қауіп бар ма?

- Заңнамаға сай, темір- және автомобиль жолдарын, құбырлар мен басқа да көлікті магистралдарды салғанда, оларды жобалағанда, пайдаланғанда жануарлардың ауатын жолдары мен мекен ететін жерлерін ескеріп отыру керек. Жобаны жасаушылар комитетпен технико-экономикалық және табиғи-ғылыми негіздемені үйлестіріп отырады.

Қазір ауатын жануарлар жолдарында (киік, қарақұйрық, бұлан - ҚазТАГ) «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының және «Жезқазған - Бейнеу» темір жолының құрылысы салынуда. Республикалық қоғамдық «Қазақстандық биоәркелкілікті сақтау жөніндегі қауымдастық» бірлестігінің және біздің комитет ұсынысымен жануарлардың ауатын жолдарында және олардың шоғырланған жерлерінде жол салғанда жануарлардың еркін көшіп жүруі үшін жасанды өткелдер қарастырылған. Спутникпен киіктерге жасалған мониторингі мәліметтерінше, салынып жатқан жолдар жануарлардың ауатын жолдарына айтарлықтай кедергі келтірмейді.

- Қазақстанда 2011-2013 жылдар және 2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында киіктерге заңсыз аңшылықтың қанша дерегі анықталды? Браконьерлер қанша киік аулады?

- Киіктер мен сиреп кеткен және жоғалып бара жатқан тұяқты аңдарды қорғаумен «Охотзоопром» ӨБ» РМКК он облыс аумағында айналысады. Олар 120 млн га аумақта автомобильдермен, таулы жерлерде, жолсыз жерлерде, шөлейтті жерлер мен далада қорғау шараларын жүргізеді. Қорғау шараларына 220 инспектор мен 114 автотехника тартылған.

Кейбір жерлерде (тауларда, шөлдер, Бетпақ-Далада - ҚазТАГ) киіктерді қорғау шараларын шұғыл жүргізіп отыру үшін тікұшақ пен ұшақтар пайдаланылады.


Браконьерлермен күрес тоқтамай отырғанына қарамастан, киіктерді ату оқиғалары сиремей отыр. Оларды атудағы негізгі себеп - шығыс медицинасында киік мүйізіне деген сұраныстың болып отырғанында. Арнайы «джип» секілді авто- және мотоцикл көліктерді киік аулауға пайдаланып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұсталу деректері де бар.

2011-2013 аралығында Қазақстанда киіктерге браконьерліктің 135 дерегі тіркелді. 2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында 51 оқиғасы тіркелді. 2011 жылдан бастап қазірге дейін киіктің 6 мың дана мүйізі алынды.

- Браконьерлер киіктерді заңсыз аулағаны үшін қандай жазаға тартылды?

- Киіктерді заңсыз аулауды тоқтату және заңсыз аңшылық үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Қазақстан үкіметі 2012 жылғы 25 маусымдағы ¹969 қаулысымен 2020 жылға дейін ел аумағында киікті және киік өнімдерін пайдалануға тыйым салды

Қолданыстағы Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің аулауға тыйым салынған аңдарды не олардан жасалған бұйымдарды сатып алғаны үшін қолданылатын нормалары киіктердің мүйізінің заңсыз айналымына да қарсы күрес үшін қолданылады. Бірақ браконьерлер көп жағдайда мүйіздерді тауып алдық, не бейтаныс біреуден алдық деп сытылып кетуге тырысады, сондықтан Қылмыстық және Әкімшілік кодекске аулауға тыйым салынған аңдарды және одан жасалған өнімдер мен жинауға тыйым салынған өсімдіктерді сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін жауапкершілік қарастырған нормалар енгізілген.

Сондай-ақ Қылмыстық кодексте браконьерлік саймандары, оның ішінде автокөлікті де тәркілеу нормалары қарастырылған. Киікті заңсыз аулағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, браконьерлік саймандарын тәркілеу жазасы қарастырылған. ҚР ішкі істер министрлігінің киіктерді заңсыз аулауға қатысты берген мәліметтерінше, 2011-2014 жылдар аралығында ҚР ҚК 183, 288, 290 баптарымен 156 қылмыстық іс қозғалып, олардан 56 қылмыстық іс сотқа жіберіліп, 36 іс тоқтатылды, 16 іс бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылып, 4 іс тоқтатылды.

- Қазақстанда неге ауық-ауық киіктер қырылып жатады, олардың себебі неде? Олардың қырылу статистикасы қандай?

- 2014 жылы қаңтар-тамыз аралығында киіктердің қырылуы деректері тіркелмеді. Қолда бар статистика бойынша 2001-2013 жылдар аралығында 4 мыңдай киік өлді. 2011-2013 жылдары Орал және Бетпақ дала популяциясында киіктер пастереллез ауруынан қырылу оқиғалары тіркелді. Киіктердің ауруы жеткілікті зерттелмеген және олардың популяциясына шынымен де қатер төндіреді. Киіктердің жаппай қырылу қаупін ескеріп, ҚР ауыл шаруашылығы министрігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті мен ҚР білім және ғылым министрлігі 2012 жылдан бастап республика аумағында мекен ететін киіктердің жұқпалы ауруларын зерттеу, олардың алдын алу әдістерін дайындау бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаны атқарушы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми институты жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында киіктердің жұқпалы ауруларының алдын алу арқылы Қазақстандағы киіктердің санын арттыру көзделген. Аталған проблеманы зерттеу және киіктердің қырылуының алдын алу мақсатында 2012 жылдан бастап ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылуда. Ол бойынша Қазақстандағы киіктер популяциясындағы жұқпалы ауруларға мониторингі жасау қарастырылған.

-Қазақстан өзендері мен көлдерінде браконьерліктің қанша оқиғасы тіркелген? Атап айтқанда Каспий мен Жайықтағы бекіре тұқымдас балықтарға браконьерлік ауқымы қандай?

- Балықты заңсыз аулауды болдырмау үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балықтарды қорғауға ерекше мән беріледі. 2013 жылы облысаралық балық шаруашылығының бассейіндік инспекциясымен шамамен 8,5 мың рейд жүргізіліп, 270 балық қорғау постылары ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде табиғатты қорғау заңының 7,6 мың рет бұзылу дерегі анықталды. Ол үшін Т53,1 млн айыппұл салынды. Заң бұзушылардан 80 тоннадан астам балық, 7 мың ау, 450 жүзу жабдықтары алынды. Биыл да 5 мыңдай рейд жүргізіліп, 4,7 мың бұзушылық анықталып, Т33,8 млн сомаға айыппұл салынды, 31,4 тонна балық тәркіленіп, 4 мың аулау аспаптары, 250 жүзу техникасы тәркіленді.

Браконьерлікпен күресу мақсатында жылда 1 сәуір 31 мамыр аралығында құқық қорғау органдарымен бірлесіп Жайық-Каспий бассейнінде «Бекіре» балық қорғау акциясы өткізіліп тұрады.

Биылғы акция барысында 1120 рет табиғатты пайдалану заңнамасының бұзылу дерегі анықталып, 900 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 140 қылмыстық іс қозғалды. Қолданылған шаралар табиғатты қорғау заңнамасының былтырғыға қарағанда бұзылуын төмендетуге мүмкіндік жасады. Ол бірінші кезекте меморгандармен үйлесімді жұмыс атқарудың арқасында орын алды. Алда да балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру жолдары қарастырыла береді.

- Қазақстанда Каспий итбалықтары мен балықтарының қырылу статистикасы қандай? Каспий теңізінде итбалық пен балықтар қандай себептен қырылады?

- 2011-2013 жылдары итбалықтардың қырылу деректері анықталды. 2014 жылы Маңғыстау облысында «Қаламқас» кенішінің маңындағы жағалауды бекіту бөгетінде итбалықтардың 19 ұшасы табылды. Олар шіріп те кеткен екен, және терілері жоқ. Олардың еттерінен сараптамаға сынама алу мүмкін болмады. 2011-2013 жылдары балықтардың қырылуы тіркелді. 2014 жылы 23 тамыз бен 25 тамыз аралығында Каспий теңізінің жағалауында «Қаламқас» кенішінің жанында Маңғыстау облысының Бозашы деген жерінің маңында балықтардың (кефали - ҚазТАГ) қырылуы тіркелді. Өлі балықтар табылған жерде балық шаруашылығының Жайық-Каспий облыс аралық бассейндік инспекциясы зертханалық тексеру жасау үшін теңіз суынан сынама алды. Одан басқа, балық өлімінің себебін анықтау үшін өлі балықтың бірнеше данасы Алматыдағы микробиология және вирусология институтына жіберілді. Бүгінге алынған сынамалар тиісті зертханалық тексеруден өтіп жатыр.

- Қазақстанда балықтардың қандай түрлері жойылудың алдында және қандай себептермен?

- Қазақстанда жойылып кету алдында тұрған және сирек балықтардың тізілімі 2006 жылғы 31 қазандағы ¹1413 қаулысымен бекітілген. Оған 18 сирек және жойылып кету алдындағы балықтар енді. Балықтардың санының азаюы антропогендік кешенді факторлардың себебінен болып отыр. Ол гидроқұрылыс нәтижесінде өзендердің ағысының өзгеруі мен шаруашылық әрекеттерден, табиғи факторлардан (құрғақшылықтан) орын алып отыр.

- Қазақстанда бұрын айтылған сирек кездесетін жабайы аңдарды қоныстандыратын орталық құрылды ма? Егер ол жұмыс жасап жатқан болса, орталықтың басты қызметі қандай?

- Соңғы жылдары «Жабайы жануарларды қоныстандыру орталығын» құру мәселесі қарастырылып жатыр. Атап айтсақ, орталық қызметкерлері Қазақстан аумағына жабайы аңдарды қоныстандырудың биологиялық негіздемесін әзірлейді, қоныстандыру мүмкін болатын аймақтарға барып қарайды (іссапарға шығу),

Қазақстанда жануарларды қоныстандыру мәселелері бойынша әдеби ақпараттарды меңгереді, оларды жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар береді. Аталмыш мәселе бойынша сондай-ақ шетел тәжірибесін де (әдебиеттерін меңгеру, кеңестер алу, тәжірибе алмасу және т.б.) үйренеміз.

Басқа да табиғатты қорғау бағдарламаларына, Қазақстан және басқа ел аумағындағы жобаларға белсенді түрде қатысу, қоныстандыру үшін жануарлардың негізгі түрлеріне жерден, әуе транспортын және ұшқышы жоқ ұшу аппаратынының көмегімен мониторинг жасау (популяция жағдайы, саны, жыныстық-жастық құрамы, көші-қон жолы, көбеюі).

Сонымен қатар қоныс аударатын жануарларға белгі салу (жерсеріктік қарғы бау, хабарлағыш және тағы басқалары), оларды жерсеріктік жүйелер арқылы аңдып, олардың ары қарай таралуын және олардың жаңа ортаға бейімделуін зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, әуе көлігін қолдана отырып, жабайы аңдарды қоныстандыру мәселелері меңгерілуде Оған қоса Қазақстан нарығында арнайы құралдарды (автокөлік, көлік контейнерлері, көлік торлары, ветеринарлық құрал, қозғалтпау және есеңгіреуін болдырмау құралдары және т.б.) сатып алу мәселесі қарастырылуда.

Өкінішке орай аталмыш мәселе республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдау таппай отыр, дегенмен орталық құру туралы жұмыстар жалғасын табатын болады.

- Қазақстандағы орман массивтеріне былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл зиянкестер мен орман ауруынан келтірілген қанша зиян тіркелді? Қандай зиянкестер орман үшін әсіресе қауіпті?

- 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зиянкестер ошағы мен орман ауруының жалпы алаңы 363267 га. құрайды. Орманды қорғау шаралары өткізілгеннен кейін 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында зиянкестер ошағының алаңы 6200 га, қысқарды, ал табиғи факторлардың ықпалынан 17249 га. алаңдағы зиянкестер ошағы жойылды. Есесіне осы кезеңде зиянкестердің жаңадан 81 701 га. алаңда ошағы пайда болды.

Орманға ең көп зиянын тигізетіндер: сыңар жібек құрт - 213969,2 га, жұлдызша құрт- 24938,8 га, самырсын түбір сорғышы - 4135 га, қарағай жібек құрты – 53945,9 га, алма күйесі - 14670,6 га, бактериальды су өрмекшісі -12187,7 га, қарағаш құрты - 6273,8 га, қайың саңырауқұлағы – 5000 га, қарағаш жапырақ жегі – 2300 га, сексеуіл галлицасы – 5153 га, және басқалары - 12112,2 га.

- Қазақстанда қанша орман өрті тіркелді? Елдің қай өңірлеріндегі өртену алаңы қандай?

- 2014 жылдың өрт қауіпті кезеңінен бері мемлекеттік орман қорының аумағында 2892 га алаңында 560 орман өрті тіркелген. Орман өртінен республика бойынша Т72,7 млн. шығын келтірілген. 2013 жылы мемлекеттік орман қорының аумағында 1154 га алаңда 278 орман өрті тіркелген. Республика бойынша орман өртінен келтірілген шығын Т13 млн. құраған.

Мемлекеттік орман қорының аумағында 2013 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы орман өртінің саны артқан, оған себеп далалықтағы өрт пен реттелмейтін ауыл шаруашылықтағы шөпті алаңдар. Далалықтағы көлемді өрттер Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарына қарасты орман қорының аумағындағы жерлер мен артық қордағы жерлерде орын алған.

Далалықтағы өрттердің таралуы салдарынан өрттің мемлекеттің орман қорының аумағы мен ерекше күзетілетін табиғи аумақтарға жайылу қаупі туындайды. Өрт сөндірудің мемлекеттік мекемелері құрылмаған далалықтағы өртті сөндіру ережесіне сәйкес, далалықтағы өрттің алдын алу және оны жою міндеті жергілікті атқарушы органдар құзырына кіреді.

Далалықтағы өрттің алдын алу және оны жою бойынша аудан және селолық округ әкімдерінің жүргізіп отырған шаралары жеткіліксіз. Ал көрсетілген өрттер бірнеше тәулік бойына үлкен алаңдарға жайылған.

- Орман өрті туралы хабардар ету жүйесі елде қалай ұйымдастырылған және ол қалай жұмыс жасайды?

- Орман қоры аумағындағы орман өртін жою үшін республикада 168 орман өрті стансасы орналасқан (ОӨС), олар 430 дана өрт сөндіру көлігімен және 541 дана тіркемесі бар тракторлармен жабдықталған. Үлкен алаңдардағы орман өртінің алдын алуда оларды уақытылы анықтау маңызды рөл атқарады.

Орман өртін жедел түрде анықтау үшін өрт қауіпті маусымда кезекшілік ұйымдастырылатын 200 өрт-бақылау мұнарасы орнатылған. Ормандағы өрт жағдайы туралы жедел ақпарат қабылдау және беру, орман өртін сөндіру бойынша іс-қимылды үйлестіру үшін «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-да республикалық диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған, бұл ретте ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің республикалық дағдарыс орталығында орман өрті туралы ақпарат беру қамтылған.

- Қазақстанда қазіргі таңда қанша мелекеттік ұлттық саябақ, табиғи резерваттар, кіші қорық және аңшылық шаруашылық бар? Сол аумақтарда жануарлардың, құстар мен балықтардың, өсімдіктер мен ағаштардың қандай түрлері бар?

- Қазіргі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінде 12 мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, 10 мемлекеттік табиғи қорық, 5 мемлекеттік табиғи резерват, республикалық маңыздағы 50 мемлекеттік табиғи кіші қорық және 851 аңшы шаруашылығы бар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қорында елдің түрлі табиғи құрамының 80% бар. Қазақстан флорасында 13 мың түр бар, соның ішінде жоғары тамырлы өсімдіктердің 5754 түрі, 5000-дай саңырауқұлақ, 485 қына, 2000 балдыр, 500-дей мүк тәрізділер бар. Өсімдіктер түрлерінің 14%-ы эндемиктер болып табылады.  

Орманның өсімдік құрамында ағаштардың көптеген түрі кездеседі - 108 және 310 түрі бар. Республиканың солтүстігіндегі қылқанды орманында қарғайлар, шығысы мен оңтүстік шығысында самырсындар, балқарағай, шырша өседі. Жұмсақ жапырақтылар арасында қайың, қатты жапырақтылар арасында - сексеуіл бар.

Сондай-ақ ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетьін түрлері бар - қарақұйрық, арқар, сібір тау ешкісі, жабайы қабан, түрікмен құланы да жақсы өсіп жатыр.

Жалпы Қазақстанның заманауи фаунасы өте бай – омыртқасыз жануарлардың 80 мың түрі, соның ішінде жәндіктердің 50 мың түрі бар.

- Алдағы уақытта жаңа мемлекеттік ұлттық саябақтарды, табиғи резерваттарды, кіші қорықтар мен аңшы шаруашылықтарын ашу жоспарда бар ма? Болса елдің қай өңірлерінде?

- 2000-2012 жыл аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алаңы 4,4 млн га, артты, бұл ретте 13 жаңасы құрылып, 11-нің алаңы кеңейтілді. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының аумағында алаңы 143,5 мың га болатын Тарбағатай табиғи саябағын құру жоспарлануда. «Алтын Емел» табиғи саябағының аумағын штаттық құрамы 8 бірлікпен 146,5 мың га кеңейту және Ырғыз-Торғай табиғи резерватының аумағын штаттық құрамы 26 бірлікпен 409,9 мың га кеңейту ойда бар. Шаруашылық арасындағы аңшылық жүргізу алаңы 2014 жылы 5756,6 мың га құраған, соның ішінде Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында. Шаруашылық арасында аңшылық жүргізу нәтижесінде аңшылыққа пайдалы жерлер анықталады.

- Қазақстанда табиғи резерваттарға арналған жерлерді 2012 жылы заңсыз беру фактілері бойынша кемшіліктер жойылды ма? Заң бұзушыларға қатысты мемлекет қандай шаралар қабылдады?

- 2012 жылы табиғи резерваттарға арналған жерлерді заңсыз беру фактілері тіркелген жоқ. Алайда Алматы облысы Балқаш ауданы аумағында мемлекеттік Бақанас орман шаруашылығының мекемесі орналасқан. Балқаш ауданы әкімінің 2006 жылғы 26 қарашадағы №11-184 шешімімен мемакті берілген. 1994-2003 жыл аралығында Балқаш ауданы әкімінің шешімімен шаруашылық және фермерлік шаруашылық жүргізу үшін 153 жер иеленушілері үшін мемлекеттік орман қорынан 29 313 га жер берілді. Бұл ретте әкімдік әрекетінде Орман кодексінің 51 бабы, Жер кодексінің 130 бабын бұзушылықтар орын алған.

Заңсыз бөлінген жерлерді қайтару үшін Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы жер иелері мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, прокуратура органдарына, облыстық және аудандық үкіметке және сот органына шағым түсірілді. Аталмыш жұмыстар нәтижесінде Балқаш ауданы әкімдігінің шешімімен заңсыз берілген 29313 га жердің 23882 га меморман қорына қайтарылды. Қалған 5431 га қайтару бойынша инспекция ақпарынша, сот ісі жүргізіліп жатыр.

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage