Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетіп жатыр – дерек көзі (толық)

Талдықорған. 10 ақпан. ҚазТАГ – Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетіп жатыр, деп хабарлады ақпаратқа қанық дерек көзіне сілтеме жасаған агенттік тілшісі.
«Манзоров әкім орынбасары қызмемтіненк етіп жатыр. Ол арызын да жазды», - деп хабарлады дүйсенбі күні агенттік тілшісіне ақпарат көзі.
Манзоровтың жаңа қызмет орны болуы мүмкіндердің ішінде ақпарат көзі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ны да келтірген.
«Сондай-ақ әкім аппараты басшысы қызметінен Темірлан Бектасов та кетіп бара жатыр – оның орнына Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Тұрдалиев келеді деп күтілуде», - деді дерек көзі.
Еске салсақ, 26 қыркүйек күні ҚазТАГ ХАА құқыққорғау органдарындағы дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің Манзоровты ұстағандығы туралы хабарлаған еді.
Кейін белгілі болғандай, шенеунікке Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған кезіндегі жол берген бұзушылықтары бойынша айып тағылған екен.
29 қазанда белгілі болғандай, Манзоров қылмыстық тексеруден босатылды.
30 қазанда Қазақстан бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровты ұстағандары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жауапқа тартылады деп мәлімдеген еді.
31 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Манзоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуымен келіспейтіндерін мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкері «тергеу барысында бас прокуратураның қылмыстық іс материалын сұратып алғанын және қылмыс оқиғасының болмауы салдарынан істі тоқтатқанын, қазіргі таңда бұл шешіммен келіспейтіндерін және қарсылық білдіретіндерін» хабарлады.
7 қарашада сенатор Андрей Лукин Манзоровтың ісінде қатты сөз айтудан сақтануға және бас прокуратура жауабын күтуге шақырды.
13 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Алик Шпекбаев агенттіктің Манзоровтың ісінде өз ұстанымдарында тұратынын мәлімдеді.
19 қарашада жағдайға түсінік берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мұндай жағдайдың «кез келгеннің» басында болуы мүмкін екенін айтты.
20 қарашада белгілі болғандай, бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісіне қатысты шағымын қанағаттандырмады.
21 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Манзоровтың ісі бойынша бас прокуратураның дәлелдеріне шағымданулары мүмкін екенін мәлімдеді.
27 қарашада ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов оларда аталмыш іске қатысты барлық дәлелдерінің барын мәлімдеді, бірақ 30 желтоқсанда бас прокурордың орынбасары Ахметжанов ҚазТАГ тілшісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер ақырында істің тоқтатылуына арызданбағандарын жеткізді.

adimage