Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – 2020 жылы Абу-Дабиде әлемдегі ең үлкен қар саябағы ашылады, деп хабарлады Gulf news.
«2020 жылы Абу-Дабиде әлемдегі ең үлкен қар саябағы ашылады. Алаңы 125 000 ш футтан (11613 ш.м.) тұратын алаңда 13 аттракцион болады, олар бірнеше аймаққа бөлінген ертегі әлемі секілді жасалады», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, саябақта үнемі -2 температурасы сақталатын болады, ал қардың тереңдігі 500 мм құрайды.
БАӘ-де әлемдегі ең үлкен қар саябағы ашылады
