БАӘ-дегі ҚР елшісі тағайындалды

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Еске салсақ, бұған дейін М. Меңілбеков Дубай мен солтүстік әмірліктердегі ҚР бас елшісінің қызметін атқарды, оған 2017 жылдың 31 нарызында ҚР СІМ басшысының бұйрығымен тағайындалған еді.

adimage