БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Қазақстан Республикасының Президентін лауазымына кірісуімен құттықтады

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Телефонмен сөйлесу барысында БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейси Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Әңгімелесу барысында БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейси Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі», - делінген хабарда.
Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев Амаль әл-Кубейсиге құттықтағаны үшін ризашылық айтып, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық қатынастар екі ел игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Телефон арқылы сөйлесуге Біріккен Араб Әмірліктері жағы бастамашы болды..