Бақылаушы Серік Әбішевті Алматыда ҰҚКД жауап алғаннан кейін үйіне жіберді

Күні: 10:08, 03-07-2019.

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Владимир Радионов/Надир Сарышаян. Тәуелсіз бақылаушы Серік Әбішевті Алматыда ҰҚКД жауап алғаннан кейін үйіне жіберді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі 2 шілдеде.
«Ешқандай заңға қайшы әрекет қолданылмады, менің ұрлануым бойынша әдеттегі жауап алу болды», - деді Әбішев сейсенбі күні Алматы ҰҚКД ғимаратынан шыққаннан кейін.
Ол онымен бірге қорғаушысының болғанын айтты. Бақылаушы мүмкін бірер күнде тағы да жауап алуға шақыратын болар деп ойлайды.
Оның алдын-ала болжамы бойынша, тергеу оны ҰҚКД қызметкерлері ұрламаған деген шешімге келіп отыр, себебі оларда ондай тегі бар ҰҚК қызметкері жұмыс жасамайды, және сондай аты бар адамға қызметкер куәлігі де ешқашан берілмеген.
Бұған дейін қазақстандық журналист Мирас Нұрмұханбетов Әбішевті мәжбүрлі түрде Алматы ҰҚКД алып кеткенін мәлімдеген еді. Ал бақылаушының өзі бір апта бұрын оны заңсыз ұстау бойынша тергеу амалдарының басталғанын айтқан еді.
Кейін бақылаушының жақтастары Әбішевті досының пәтерінен алып кеткенін айтты. Бақылаушы Тимур Почанов ҰҚК-де «адамның қайда жүргенін анықтайтын қандай да бір жүйе бар шығар» деп топшылайды.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: