Бақытбек Ташенев ҚР қаржы министрлігінің меммүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Бақытбек Ташенев ҚР қаржы министрлігінің меммүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы лауазымына Бақытбек Тәшенев тағайындалды. Бұрын  осы қызметке дейін 41 жастағы Бақытбек Тәшенев Астана қаласындағы "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген», - делінген сәрсенбідегі хабарда.  
ҚР Қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Астана қаласында "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" АҚ басқарды.

adimage