Бақытжан Нұрәлиев: Әлеуметтік желілерден тәуелділіктен емдеуге жылдар керек болуы мүмкін

Алматы. 28 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Әлеуметтік желілер мен секталарға тәуелділіктен емдеуге есірткіқұмарлық пен алкоголизмнен емдеген сияқты емдеу керек. Бірақ кейбір кездері оларды емдеу әлдеқайда қиын. Осындай тәуелділіктер несімен қауіпті және одан емдеу мүмкіндіктері қандай екендігі туралы ҚазТАГ агенттігіне ҚР ДСӘДМ Республикалық психатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директор орынбасары Бақытжан Нұрәлиев айтып берді.


- Бақытжан Жетесұлы, Қазақстанда есірткінің қандай түрі кеңінен таралған?


- UNODC секілді ұйымның арқасында Қазақстан Республикасының аумағына есірткі заттарының кіруіне тосқауыл қойылуда («ауыр» есірткілердің). Сондықтан да болар соңғы кездері каннабионидтерді, атап айтқанда марихуананы пайдалану жиілеп кетті. Ол қазір алкоголь ішкен жүргізушілерді қудалау қатаң болып және көптеген жүргізущілер алкогольдің орнына марихуана шегуге көшкенімен байланысты болуы мүмкін.


- Ал рульде марихуана шегуге бола ма?

- Әрине, болмайды! Бірақ ондай оқиғалар кездеседі. Біз онымен қатаң түрде күресудеміз.


- Ол қаншалықты қауіпті? Ол жүргізушінің зейініне, жылдамдығына әсер етеді ғой...

- Әйелдер үшін 3,4 есеге, ерлер үшін 2,2 есеге жол көлік апатына шалдығу қаупі артады, егер олар алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болса.


- Жақында ғана синтетикалық есірткілер проблемасы талқыланды – олармен күресудің қиындығы олардың құрамының жиі өзгеретіндігінде, тыйым салынған заттарды әлі тыйым салынбаған заттармен алмастыруда болып отыр. Қазір ол мәселе қалай шешілуде?


- Синтетикалық каннобионидтер Қазақстанда 90-шы жылдардың ортасында пайда болды. Ол негізінен Қытайдан әкелінетін. Қазақстанға келіп жатқан синтетикалық есірткілер жас балалар мен жасөспірімдер арасында белсенді түрде тыйым салынбаған, еш жерде тіркелмеген еркін пайдалануға болады деп жарнамаланып жатты. Шынымен де біздің құқықтық базада осыған қатысты үлкен проблемалар туындады, себебі оның формуласы үнемі өзгеріске ұшырап тұрды. Егер белгілі бір психобелсенді зат анықталса және оның аты әділет министрлігінде айналысқа тыйым салынған зат ретінде тіркелсе, онда оның формуласы өзгертіліп, Қазақстанға басқа атпен әкеліне бастады. Және үнемі есірткі бизнесі синтетикалық каннабионидтердің арқасында өзінің есірткіқұмарларға сатылу нарығын кеңейтіп жатты.
Бірақ Қазақстанда қазір жаңа заңнамалық акті қабылданды, онда «есірткілік заттар, немесе олардың баламалары» сипатталады... Яғни есірткілік мас қылатын кез келген балама зат есірткі заты деп есептеледі. Ол заттарды тарату және қолдану заңмен қудаланады және ол үшін елеулі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.


- Ал қандай да дәрі-дәрмектік заттар зейін мен жылдамдықты төмендетіп, адам ағзасының үйреніп кетуін тудырып, ЖКО қаупін арттыра ала ма?


- Ондай заттар көп – мысалы, белгілі дозадағы, белгілі терапевтік әсерлерге есептелген және ұйықтатын, ауыртпайтын дәрілер. Оларды әдейі көбейтіп жіберсе, есірткілік мас бола бастайды (уланады), жүріс-тұрысы шайқалып, іс-қимылы баяулай бастайды. Дәрігерлер тарапынан бақылау болмаса күрт өліп қалуы мүмкін. Ол заттарға тез үйренеді және кейін оған тәуелділік пайда болады.


- Олар бізде рецептімен сатыла ма?


- Иә. Оларға тек дәрігерлер рұқсат беріп, және рецепт бойынша сатылуы керек. Рецептілер ерекше, оны тек белгілі мамандық дәрігерлері ғана, қатаң есеп бере отырып бере алады. Олар еркін сатылмайтын, заңсыз айналысқа рұқсат етілмейтін дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген.


- Яғни есірткіге тәуелділер көптеп ішіп, немесе қолдан есірткі жасау үшін қандай да дәрілерді еркін сатып алу мүмкіндігі жоқ қой?


- Мен бізде ондай жағдайлар болмайды деп айта алмаймын, бәріне жауап бергім келмейді. Бірақ ресми түрде оған бізде тыйым салынған.


- Қазір кәмелетке толмағандар арасындағы есірткіге тәуелділік жағдайы қандай? Адам жас болған сайын оны есірткіге «отырғызу» да оңай ғой.


- Өкінішке қарай, Қазақстанда заңнамалық база жетілмеген. Және оған мемлекет айыпты емес. Біз ата-аналарының рұқсатынсыз балалар мен жасөспірімдерді есепке қоя алмаймыз. Ата-аналар ерекше жағдайда ғана өздерінің балаларына қатысты профилактикалық шаралар жүргізуге рұқсат береді, себебі ол жария болып кетеді, тіркеуге алынады, келешекте басқа да салдары болады деп қорқады. Біз балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткі құмарлықты жасыра отырып кері әсер аламыз – ерте бастан профилактикалық жұмысты жүргізбей, біз есейген жастардың арасында қалыптасқан есірткіқұмарларды аламыз, ал оларды емдеу әлдеқайда қиын. Әр түрлі есірткі тәуелділік жағдайында олардың тек 12% ғана толығымен емделіп кетеді.
Ал егер есірткінің таралуы туралы айтатын болсақ, онда синтетикалық каннабионидтер тек ірі қалаларда кеңінен таралған. Олар – Алматы, Астана, бәлкім, Қарағандыда болуы мүмкін. Шағын және орта қалаларда есірткінің бұл түрі таралмаған. Ресми толық анық статистиканы біз біле алмаймыз, себебі ондайлар білікті көмекке өте сирек жүгінеді. Ата-аналар тәуіптерден көмек сұрауға, жеке дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр. Ал олардың біліктілігі талапқа сай бола бермейді.
Соңғы жылдары, менің байқауымша, психоактивті заттарды пайдаланатын жастар саны азаюда, себебі олар дінге берілуде. Ол, әрине, қуанышты. Егер сіз қазір кез келген мешітке жұма күні барсаңыз олар толып тұрады. Оларда негізінен жастар. Қазіргі жастардың көбі өздерінің рухани болмысына үлкен мән беруде. Олар күніне міндетті түрде бес мезгіл намазын оқымайды да, бірақ әр жұмада мешітке барады, өздерінің шаруаларын айтып, уағыз тыңдайды.



- Ол дәстүрлі дінде ғой?


- Иә. Мен сектанттықты айтып отырған жоқпын. Мен дәстүрлі исламды айтып отырмын. Маған бұл жағдай өте ұнайды.


- Ал егер жастар өздерінің рухани ізденістерінде секталарға кіріп есірткі құмарлықтан арылып жаста, ол бір есірткіні басқасымен алмастыру болып табылмай ма?


- Ондай жағдайда бір тәуелділік басқа тәуелділікпен алмастырылады. Психоактивті заттарға деген тәуелділік еріксіз «құдайға» деген, ең алдымен, аталған сектаның уағыздаушысына деген тәуелділікке алмастырылады. Дін тазарту, рухани дамумен бірге жүруі тиісті. Ал сектанттық неге апарары белгісіз.


- Секталарға тәуелді болып қалғандар кейін емделуі және сауығуы керек пе?


- Солай дұрыс болар еді..

- Кімді емдеу оңай – есірткіге тәуелдіні ме немесе сектантты ма?


- Ол нақты жағдайға байланысты. Есірткі құмарлық жағдайында кез келген есірткіге тәуелді өзін есірткіқұмармын деп есептейді және үнемі одан арылғысы келеді, себебі ол күн сайын «ломка» деп аталатын аурудан өтіп отырады, олар өздерінің жағдайына сын көзбен қарай алады. Ал сектанттарда сын көзбен қарау жоқ. Егер оларға бір нәрсені миына құйса, олар соны өз өмірінің мәні деп есептейді. Олармен есірткіқұмарларға қарағанда жұмыс істеу оңай.


- Есірткіқұмарлық жалпы емделе ме?


- Шындап келгенде емделеді. Ол қандай көзқараспен қарағаныңызға байланысты. Есірткіқұмарлық – созылмалы ауру, ол қайталанып ұстап қалуға бейім. Созылмалы ауруды 100% толығымен емдеп шығу мүмкін емес, оған есірткі немесе алкоголь пайдаланбайтын жағдай ғана жасауға болады. Ол ремиссия деп аталады және осы жағдай өмір бойына созылуы мүмкін. Бірақ тәуелділік өмір бойына қалады, ол тағы да алкоголь мен есірткінің дәмін татып көруі сол екен, ол қайтадан оған тәуелді болып шыға келеді. Ол созылмалы бүйрек ауруына шалдыққанға ұқсайды, егер сіз жылы киініп, диетаны сақтап жүрсеңіз, бүйрегіңіз дұрыс жұмыс жасап тұрады. Егер сізде созылмалы пиелонефрит болса, онда диетаңыз бұзылады екен, қайтадан ауру асқынып шыға келеді.


- Бір кездері интернетте цифрлық есірткінің жарнамасы жүріп жатты. Сіз тәуелділіктің ондай түрімен ұшырастыңыз ба?


- Әзірге ұшырасқан жоқпын. Ондай заттар балалар мен жасөспірімдердің ізденімпаздық мінез-құлығына негізделген – олар өздерінің саналарын өзгертетін, жаңа сезімдер сыйлайтын заттарды іздейді. Адамдар көбінесе белгісіз нәрселерді іздегенге құмар. Біреулерде ондайларды бір рет қана дәмін көрумен, басқаларынд оған тәуелділікпен аяқталап жатады. Сондықтан ондайларды мүлдем татып көрмеген де дұрыс.


- Бірақ қандай да дыбыстардың, жиіліктердің үйлесіп келуі шынымен де психикаға әсер ете ала ма?


- Әрине, әсер ете алады. Монотонды бірқалыпты әсер ету психикаға ықпал етеді. Гестапоны еске түсіріңізші, олардың азаптау тәсілдерін – адамды камераға отырғызып қойып бір түрлі ғана дыбыспен бірнеше күн қинағанда, адам ақылынан адасып кетеді. Немесе адам басына су тамшылатып қою. Бі-екі күннен соң су тамшылары адамның бас сүйегін тесіп бара жатқандай әсер тудырады.


- Компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілерге тәуелділік қауіп төндіре ме? Айталық, адам тәулік бойына әлеуметтік желілерден «шықпай» отыратын болса, үнемі селфи орналастыра берсе...


- Сіз өз сауалыңызға өзіңіз жауап беріп қойдыңыз – «шықпай отырса» деп. Адам бұл дүниедегі өмірден паралель басқа өмірге кетіп қалады. Сондықтан ол отырып жұмыс жасайтын түрге өтеді, ал ол дегеніңіз – гиподинамия, ішкі құрылыс аурулары деген сөз. Ол қоршаған айналаңмен байланысты бұзатын тәуелділік. Ол өте айқын көрінетін тәуелділік, әрине, оны емдеу керек. Ол да ойынға тәуелділік сияқты ауыр болса да, емдеуді қажет етеді. Ондай тәуелділік ұзақ уақыт емдеуді қажет етеді, оған жылдар керек. Қысқа мерзімдік ем онша тиімсіз болады.


- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage