Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – Ержан Бабақұмаров президент кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Бабақұмаров 2019 жылдың сәуірінен бастап президент кеңесшісі, 2018 жылдың желтоқсанынан бастап президент әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі болған.
Бабақұмаров президент кеңесшісі қызметінен босатылды
