Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Бахрейн мұнай-газ жобалары акцияларының 100%-ын шетелдік компанияларға сатып алуға рұқсат етеді, деп хабарлады BahrainNewsAgency.
«Бахрейн Халифа шейхі премьер-министр бен Салман аль Халифаның жарлығына сәйкес Парсы шығанағындағы мұнай және табиғи газ өндіру бойынша жобалар акцияларының 100% -ын шетелдік компаниялар иелігіне беруге рұқсат етуге ниетті», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, мұндай рұқсатқа ие болу үшін шетелдік компанияның Бахрейн үкіметімен барлау және өндіру туралы келісімі болуы немесе сондай келісімге қол қоюдың соңғы сатысында болуы керек.
Бахрейн мұнай-газ жобалары акцияларының 100%-ын шетелдік компанияларға сатып алуға рұқсат етеді
