Балқаш-Алматы тас жолында ЖКО салдарынан төрт адам қаза тапты, бір бала ауруханаға жеткізілді

Күні: 18:14, 03-07-2019.

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Балқаш-Алматы тас жолында ЖКО салдарынан төрт адам қаза тапты, бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«3 шілдеде Балқаш-Алматы тас жолында, Гүлшат ауылына 10 шақырым қалғанда 45 жасар BMW көлігінің жүргізушісі Алматыға қарай жүріп келе жатып, алдын-ала ақпар бойынша қарсы жолға шығып кетіп, 56 жасар жүргізуші айдап келе жатқан DAF көлігімен соққан. ЖКО салдарынан BMW көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған, Ал осы көліктегі жеті жасар қыз бала түрлі жақарақатпен ауруханаға жеткізілген», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Оқиға Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында болған.
ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: