Балқаш каналынан баланың мүрдесі табылды

Күні: 17:26, 30-05-2019.

Алматы. 30 мамыр. ҚазТАГ – Балқаш каналынан баланың мүрдесі табылды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД)) баспасөз қызметінен.
«29 мамырда Балқаш қаласы ПБ кезекші бөліміне қала тұрғынынан каналдан баланың мүрдесіне ұқсас зат жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен құтқару қызметі жеткен. 30 мамырда ағын су арнасында су беру толығымен тоқтатылып, Балқаш ТЖБ құқарушыларының жіне полиция қызмектерлерінің күшімен баланың мүрдесі алынды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ПД-да нақтыланғандай, тиісті сараптамалар тағайындалған.


Жаңалықтармен бөлісу: