«Балқаш-Сарышаған» тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты

   Балқаш. 1 шілде. ҚазТАГ – «Балқаш-Сарышаған» тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
   «Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 маусымда сағат 15.45 шамасында Балқаш – Сарышаған тас жолында болған. DAF FT XF-105 ауыр жүк көлігінің 61 жастағы жүргізушісі Балқаш қаласы жағынан келе жатып, Сарышаған кентіне 50 шақырым қалған тұста рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
  Оқиға салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жүргізушінің әйелі) оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
  Қазіргі кезде аталған дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

adimage