«Балқаш» станциясының 55 шақырымында қоссырық пен шпалдар ауыстырылды

Күні: 11:36, 09-10-2018.

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – «Балқаш» станциясында ұзындығы 55 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.  
«Қазіргі таңда ЖБ қызметкерлері «Балқаш» станциясындағы жарамсыз болып қалған қоссырықтар мен шпалдарды ауыстыру, бағыттамалық бұрмаларды алмастыру, қайта тігу, түзету  бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, ағаш шпалдарды ауыстыру жұмыстары жол бөлігіндегі қозғалыстарды тоқтатпай жүзеге асырылуда.  


Жаңалықтармен бөлісу: