Балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлік жүйесі бүкіл елді қамтиды – Аймағамбетов

Қарағанды. 30 маусым. ҚазТАГ - Балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлік жүйесі бүкіл елді қамтиды, деп мәлімдеді Қарағанды облысының тұрғындары және педагогтарымен кездескен Қазақстан Республикасы білім министрі Асхат Аймағамбетов.
«Еліміз қаржыландырудың ваучерлік жүйесіне көшкелі жатыр, яғни ата-аналардың қаржысы электронды шотқа түседі де, балабақшаларға төленеді. Бұл бойынша пилоттық жоба елордада аяқталып қалды, алда барлық өңірді қамтитын болады», - деді министр Асхат Аймағамбетов.
Ол атап өткендей, сапа мәселесі бала құқықтарының бұзылуында байқалып жатыр.
«Мемтапсырысты орналастыру ережесіндегі өзгерістер: оны алатын барлық балабақшалар бұл талапты міндетті түрде орындаулары керек. Біріншіден, барлығын бейнебақылаумен толық қамту. Екіншіден – штат бойынша нормативті орындау: бүгінде балабақшаларда бір топта 50-60 баладан бар. Ал тәрбиеші – біреу және оның тиісті біліктілігі болмауы да мүмкін. Сонымен қатар, оның біліктілігі қандай болған жағдайда да осыншама баланы тіпті тәжірибелі тәрбиешінің қарауы да қиын: қате аяқ астында деген», - деді министр.
Ол бұдан басқа жұмысшылардың жалақысының төмендігіне де тоқталды, сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің әлеуметтік пакетін жақсарту керек.
Аймағамбетов, сонымен қатар, бүкіл ел бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бірыңғай кезек жасау жоспары туралы да айтты.

adimage