Баландин Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында финалға жолдама алды

Күні: 11:46, 26-07-2019.

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанық жүзгіш Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында финалға жолдама алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Кванджуде жүзуден әлем чемпионаты аясында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жартылай финал өтті. Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды», - деп хабарлады бейсенбіде ҰОК.
Іріктеу сынында Баландин 11-ші орынмен жартылай финалға өткен болатын. Жартылай финалдық бәсекеде біздің спортшы аталған қашықтықты 2:08.9 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтті.
«Бұл Баландиннің биылғы маусымдағы үздік нәтижесі», - деді комитетте.
Жалпы есепте Рио Олимпиадасының чемпионы жетінші орын иеленіп, ақтық сынға өткен үздік сегіздік қатарына енді. Әзірге бірінші орында австралиялық Мэтью Уилсон (2:06.67) тұр. Уилсонның көрсеткіші әлемдік рекорд саналады. Сондай-ақ, ақтық сынға өткен спортшылар қатарында Антон Чупков (Ресей), Эндрю Уилсон (АҚШ), Зак Стаблти-Кук (Австралия), Эрик Персунн (Швеция), Ипэй Ватанабэ (Жапония), Марко Кох (Германия) бар.
Финал 26 шілдеде өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: