Баландин Венгрияда Сhampions Swim Series турнирінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды

Күні: 09:43, 13-05-2019.

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Венгрияда Сhampions Swim Series турнирінің екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлде жеңіп алды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Баландин аталған қашықтықты 2:10.73 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, үздік үштікке енді. Әлемдік турнирдің бұл кезеңінде ресейлік Антон Чупков тағы да көш бастаған. Оның уақыт көрсеткіші - 2:08.23.
Екінші орында 2:08.61 нәтижесімен жапондық Иппэй Ватанаба. Айта кетелік, тап осы жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың иегері (2:06.67).
Аралас эстафетада Дмитрий Баландин екінші рет қола медаль иеленді.
.


Жаңалықтармен бөлісу: