Баласын өлімші етіп сабаған Павлодар тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Күні: 11:20, 08-02-2019.

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – №2 Павлодар қалалық соты өз баласын өлімші етіп сабаған 43 жасар Павлодар тұрғынын 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Рavlodartoday.
«Әйел баласын басынан бірнеше рет ұрып, ұйықтап қалған. 43 жасар әйел ішімдік ішкенді жақсы көрген... Іс материалы бойынша – ол ұйқыға жатқан, ал өз баласын қасына еденге жатқызған. Бала жылай бастаған. Оны тыныштандырмақ болған анасы басынан бірнеше рет ұрған. Бала алған жарақатынан көз жұмған», - делінген материалда.
Сотта әйел өз кінәсін мойындаған.
«ҚР 106 бабы 3 бөлімінде қарастырылған (Денсаулығына әдейі ауыр жарақат келтіру –ҚазТАГ) қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған деген айып тағылып, ол қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесінде 6 жыл жазасын өтейтін болады», - деп келтірілген жарияланымда №2 Павлодар қалалық сотының судьясы Жұлдыз Тлегенованың сөзі.
Сондай-ақ, жеке қаулы шығарылған.
«Сотталушының тағы бір баласы бар. 6 жасар бала соттың шешімімен туған тәтесіне қамқорлыққа берілді. Көз жұмған баланың атасы азаматтық талап-арыз бермеген», - делінген жарияланымда.


Жаңалықтармен бөлісу: