Балхаш тұрғынынан 70 кг астам марихуана тәркіленді

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – Балхаш тұрғынынан 70 кг астам марихуана тәркіленді, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.  
«25 сәуірде Балқашта есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері ("Құқықтық тәртіп» республикалық шұғыл-профилактикалық шарасы барысында – ҚазТАГ) 43 жасар қала тұрғынынан салмағы 70 кг астам марихуана тауып, тәркіледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш дерек ҚР ҚК 296 б.4т. бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СТБТ) тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  


adimage