Балташ Тұрсымбаев: Жоғалған мал басы, ұмытылған ауыл мен еркін айналымдағы Келімбетовтің халі аянышты

Алматы. 1 қыркүйек. ҚазТАГ – Ұлттық валютаның кезекті рет құлауы отандық экономиканың коллапсқа жақын екендігіне көрсеткіш болды. Проблема оның барлық секторында, соның ішінде ел үшін аса маңызды аграрлық секторда да бар. Қысқа уақыт аралығында жағдайдан шығу мүмкін бе және ол үшін не нәрсе жасау қажет? Осы және көптеген басқа дүниелер жайында қоғамдық қайраткер Балташ Тұрсымбаев пайымдап көреді.

- Балташ Молдабайұлы, отандық экономиканың ахуалын бүгін Сіз қалай бағалар едіңіз?

- Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы қып-қиын жағдайда: барлық салалар ендігі тоқырау кезеңіне аяқ басты және бұл ұзақ жалғасатын болады. Бізде ірі бизнес, кәсіпкерлік қауымдастық, Тимур Құлыбаев басқаратын ұлттық кәсіпкерлер палатасы бар. Шамасы, ол және оның командасы осындай болуы мүмкін екендігі жорамалдаған шығар.
Өз кезінде Тимур Құлыбаев Қазақстанның Ұлттық банкіне салмақты наразылықтарын айтқан еді. Тура сұрақ қойылған болатын: экономиканың дамуына арналған «ұзақ» және арзан ақшалар қайда? Біздегі Ұлттық банктің түкке тұрғысыз жұмыс жасайтыны, соның ішінде зейнетақы және өзге де қорлардың қаражаттары қолданылмайтыны айтылған еді – ақша жұмыс істемейді, айналымға жіберілмейді. Сол себепті Қазақстанның несиелік қоржыны кеңеймейді.
Несие халыққа бөлініп жатыр, бірақ тек сатып алу-сатуға ғана. Ал мынау түбегейлі өндіріске ешқандай несие берілмейді. Сондықтан да ірі лауазымдық тұлғалардың жауапсыздығы нәтижесінде теңгенің күрт құлдырауы орын алды. Іс жүзінде біздің халықтың әл-ауқаты бірден құлазып қалды. Зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы азайды.
Бюджетшілерге енді 30%-ға аздау төленетін болады, өйткені бізде теңге долларға қатты байланған. Егер теңге 30%-ға девальвацияланса, демек, сатып алу қабілеттілігі бойынша еңбекақы мен әлеуметтік аударымдарға да сомалар соншаға кеміді. Және де ақталу ретінде күрделі экономикалық терминдерді іріктеп алмай, мұны халыққа қарапайым тілмен түсіндіру керек. Біз билікті тым жұмсақ сынға алғанға үйреніп қалғанбыз. Бірақ қазір пайда болған жағдайдан шығудың жолдарын ұсынатын кез келді.

- Не ұсынуға болады?

- Бұл саяси реформа, парламент өкілеттілігінің кеңеюі, үкіметтің есептілігі. Бұл жауапкершіліктің артуына әкеледі. Егер жауаптылық өссе, атқару тәртібі де күшейеді. Ал бізде қазір қалай? Бәрі бір адамға тәуелді, барлығы біреуіне сілтейді, өздері ештеңеге жауап бермейді және ештеңе жасамайды. Егер әрі қарай да бүкіл жауаптылықты президентке артып қоюды жалғастыра берсек және сонымен бірге түк істемесек, экономика одан әрі де өте-мөте жылдам қарқынмен құлдырай беретін болады.
Одан өзге, дағдарысты еңсеру үшін біздегі өндіріс саласында не жасалғанын талдап алу қажет. Өндірісті екі ірі бөлікке бөлу керек: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы. Ал, өнеркәсіпке қатысты бәрі айқын. Бізде 25 жыл ішінде шикізаттық экономика дамыды және сол бағыныңқы шикізаттық экономика елді тығырыққа тіреуде.
Мұнай бағаларын қараңыз да біліп жүріңіз – олар алдағы 5 жылда өспейді. Шамамен 35-55 доллар шамасында құбылып тұрады. Бұл сондай-ақ түрлі-түсті және қара түсті металдарға, уран шикізаты мен көмірге қатысты. Шикізаттық экспорттаушыларға теңге құлдырауы бүгінде тиімді: олар осының өзінде бұдан табыс тауып қалды, себебі жұмысшылар жалақысынан 30% үнемдей алады, тағы 30%-ды – салықтардан және жалпы ел ішіндегі барлық шығындардан.
Бүгінгі таңда банкілік, қаржылық секторлардың және нақты Ұлттық банк басшысын жауапқа тарту керек екеніне сенімдімін. Менде сауал бар: неліктен Қайрат Келімбетов өз еркімен отставкаға кетпейді? Ол бірінші рет теңгені девальвациялаған кезде, «мен білмедім, түнде шенеунік қоңырау шалды, таңертең мен жұмысқа келдім, және міне осындай-осындай пайызға теңге құлдырады деп айтты. Сондықтан сонысы үшін Келімбетовты еркін айналымға жіберу керек, өзіне жұмыс іздеуі үшін. Ұлттық банк төрағасы атқарушы билік иерархиясында – президент пен премьер-министрден кейін үшінші, ал жұмыс жасағаны тек қорқыныш.

- Бірақ Келімбетов – жай атқарушы ғой?

- Иә, ол атқарушы, бірақ тап сондай атқарушыға бәрі байланысты. Біздің еліміз үлкен, ал Келімбетов қаржы ісімен мүлдем таныс емес. Ол тек оны Ұлттық банк төрағасы етіп тағайындағаннан кейін ғана бұл жұмыстың байыбына бара бастады. Әрі ол әлі күнге дейін ағыспен жүзіп барады, өз басымен шешім жасаудан қорқады. Банктер мен қаржылар ол – нақты, өзіндік бір сала және осы шешуші салада ол қалықтап кетті. Сол себепті, егер оның өзі кетпейтін болса, оны кететіндей ету керек, бәлкім, сол кезде елден тәртіп орнатумен айналысатын бір кәсіби банкир табылып қалар.
Туындаған жағдайдан аграрлық сектор алып шыға алады деп ойлаймын. Немесе қандай жағдайда болса да экономиканы теңдестіру керек. Неге? Өйткені біздің ендігі жұмыс істеп қалғанымыз соншалық, негізгі азық-түліктің 80%-ға дейінін сырттан әкелеміз. Бірде жоғары лауазымды сөзуарлар жұбы – Шөкеев вице-премьер болған кезінде және ауыл шаруашылығы министрі Мамытбеков президентке бір жылдан кейін 70 мың тонна сұрыпталған сиыр етін экспорттаймыз деп баяндаған болатын. Алайда оның орнына ауыл шаруашылық министрлігі 6 мың жайлы хабарлап отыр, мұндай есептілікке сенген жөн бе, оны да білмеймін. Қандай жағдай болғанда да, ет импортының қажеттілігі бізде 100 мың тоннадан асып жығылады және тек ұлғайып отырады.
Сол тілмарларды жауапкершілікке тартуға болмас па еді? Олардың орнына аграрлық саланы білетін байыпты адамдарды іріктеп алу қажет, олар терең дағдарыстан ауыл шаруашылығын алып шыға алар еді. Бүгіндері мінеки осымен айналысу керек. Неліктен? Себебі біз орасан жер әлеуетіне иеміз бұл дегеніміз – егістік пен жайылым жерлер.
Біз емін-еркін, ерекше шығындарсыз, қой малының басын көбейте аламыз. Халық жұмыспен және азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Қой шаруашылығын, ірі қара малды көтеру керек, жылқы шаруашылығында тәртіп орнатып, барлық түрде сауда сөрелеріне өзіміздің жеке өнімді ұсына алуымыз үшін қайта өңдеуді жөнге салу керек: шұжық, консерві, сүрленген, шикі, буы бұрқыраған күйінде. Ол үшін көп қаражат қажет емес. Және ештеңе тасудың қажеті жоқ.

- Тағы да кадрлар жайлы. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдерін тағайындауды Сіз қалай бағалайсыз?

- Алматы қаласына қатысты: өндірістік және басқару тәжірибесінсіз жас адам, жалғыз нәрсе – ол әдеттегі кландық өкіл болып табылады. Ал мына Бейбіт Атамқұлов маман ретінде еңбек қызметін Қарметкомбинаттан бастады. Осындай маңызды облыстың әкімі болып тағайындалғанға дейінгі оның қызметтік тізімі жеткілікті дәрежеде қомақты. Ол Оңтүстік Қазақстан облысын басқаруға толығымен лайықты.

- Ауыл шаруашылығына қайта оралайық. Солтүстік Қазақстанда темір жолдар, бүкіл элеваторлар ресейліктерге тиесілі. Фермерлер ресейлік элеваторларға нанды көк тиынға тапсыруға мәжбүр, өйткені оны сақтайтын еш жер жоқ...

- Бұл мәселені Ресеймен жеңіл шешуге болады, себебі нысандар біздің аумақта орналасқан. Ресеймен әрдайым келісіп алуға болады. Жағдай біздің өндірушілерге де, сатушыларға да тиімді болатындай етіп жасау қажет.

- Сіз өзіңіз жеке аграрлық секторға қандай жәрдем көрсете алар едіңіз?

- Аграрлық секторды жедел дамыту бағдарламасын ұсынуға әзірмін, бағдарламаның кейін қалай жүзеге асырылатынын бақылап отыруға дайынмын. Орындарда еске түсіріп, кеңес беріп, бақылап отырулары үшін, тәжірибелі адамдарды жинауға әзірмін. Және бұның бәрі тегін.

- Министр болған кезде Сіз осыны неге жасамадыңыз?

- Біз мұның бәрін жасадық. Мен сонау кеңестік уақытта министр болып істедім, егер статистиканы көтерсек, ал ол қырсық нәрсе: біз әлі күнге дейін 1992 жылдың деңгейінен ұзап кете алмадық. Ал мен 1993 жылда-ақ министр жұмысынан кеттім, ол кезде көрсеткіштер дұрыстау еді. Әрине, аграрлық сектор шығынды болатын, бірақ біз ешқайдан ештеңе тасымадық. Жұмыс орындары болды, сөрелерге келіп түсіп жатқан тұрақты өнім болды, бәрі оң болатын.
Сонда елде 35 млн дерлік бас қой болған еді, қазір – 18 млн-нан кем. Ірі қара мал 10 млн дерлік бас болды, қазір алтыдан аз. Шошқа – 3 млн, қалғаны – 0,83 млн, құстар 60 млн болатын, қалғаны – 35. Бұл ресми мемстатистика.
Астық танабы бізде қалыпты болатын, біз тұрақты өнім алып отырдық. Қазір астық танабы бар болғаны 16 млн гектарды құрайды. Ал мен жұмыс жасаған кезде, 20 млн гектарға дейін болды. Әрі 10 млн-ға жуығын айналыстан шығарып тастадық, тек үздік жерлерді ғана есепке алдық. Сол ең жақсы жерлер енді басшылардың иесіздігі салдарынан, жауапсыздығы салдарынан нашар халге ұшырап барады.
Мінеки кішкентай мысал. Біз жалпы алғанда республикада қант қызылшасының өндірісін қолға алдық, шекер зауыттарын қалпына келтірдік. Сосын мұның бәрін жойып жіберді, шекер зауыттарын (қант құрағын қайта өңдеуге – ҚазТАГ) қайта жабдықтады және бүгінде қант қызылшасын, егер кімде-кім өндіріп жатқан болса – ешқайда зытыра алмайсың. Жақында Алматы облысының аграршыларымен кездестік, онда облыстық әкімшілік осының өзінде қант қызылшасының өндірісімен, жергілікті бизнесмендердің көмегімен шекер зауытын қалпына келтірумен ойдағыдай айналысып жатыр.
Алматы облысы барлығын өндіре алады. Бидайды да, қант қызылшасын да, темекіні де, жүзімді де, жүгеріні де, көкөністерді де, бақша дақылдарын да... Бұл облыс бүкіл Ресей Федерациясын пиязбен және сарымсақпен қамтамасыз ете алады. Отырып алып, осы кішкентай бюджетті бөліп-жарып отырмай-ақ, өндіріспен айналысу керек қой.

- Ал астық бойынша Сіздің болжамыңыз қандай? Ел ағымдағы жылы нанмен қамтамасыз етіле ме?

- Мен үш облысты, біздің үш астық қорын аралап шықтым. Астық танабы, әрине, климаттық жағдайлар есебінен Қостанай облысында өте жақсы. Және де бидай, бәлкім, бірінші болып пісіп жетіледі және өнімділік жақсы болар. Ақмола облысында жағдай қанағаттанарлық. Солтүстік Қазақстанда – егістіктер бүлінген, жаңбыр құйып жауған, сол себепті де егіншілер гербицидті жерде қолдана алмады, ал ауадан сеуіп шығуға – ұшақ жоқ. Міне содан олардың егістіктеріне арамшөп қаптап кеткен.
Ал бұл кем дегенде бірнеше күн ішінде олар жиынға кейінірек кіріседі және комбайндар тікелей бармай, астық жинау бөліп-бөліп жасалады дегенді білдіреді. Сондықтан да Солтүстік Қазақстан облысында астық жиыны кезіндегі ауырлықтар төнуі әбден ықтимал. Бұған дайын болу керек, комбайндар тез төңкеруге әзір болуы үшін, барлық шараларды қабылдап, бөлінген күйде жинап алу керек, сонда қандай да бір жетістікке қол жеткізуге болады. Дегенмен, ел нансыз қалмайды.

adimage