Банк ВТБ (Қазақстан) Kcell жаңа кредит желісін ашты

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор – «Кселл» АҚ-пен жылдық сыйақы төлемі 10,7% мөлшерінде, мерзімі 36 айға, 6 млрд. теңге көлемінде жаңартылмайтын кредит лимитін бөлу туралы келісімге қол қойды. Компания алынған қаражатты екінші деңгейдегі басқа банктердегі берешекті қайта қаржыландыруды қоса алғанда, айналым қаражатын толықтыруға пайдалануды көздеуде.
«Банк ВТБ (Қазақстан) «Кселл» АҚ-пен 2019 жылдан бері жемісті ынтымақтастық орнатып келеді. Компания жоспарлы түрде өз желісін дамытуға қаражат инвестициялайды және өз қызметтерінің жоғары сапасын қолдайды. Біз өз ісінің кәсіпқойларымен ынтымақтастыққа әрқашан қуаныштымыз және біздің әріптестігіміз екі жобамен шектелмейтініне сенім білдіреміз», - деп Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло атап өтті.
«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қолжеткізу қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: Kcell, нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылады және Activ, бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған. Компания ҚР-ның барлық аумағын дерлік қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.

adimage