Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы қаңтардың соңында 12 470 млрд теңгені құрады (бір айда 4,7%-ға төмендеу), деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 150,9 млрд теңгеге дейін 8,2%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 319,1 млрд теңгеге дейін 0,3 %-ға ұлғайды», - делінген хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 11,4 %-ды немесе 1,2 трлн. теңгені құрайды.
«Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 899,5 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,5%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 0,5 %-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 570,5 млрд теңгеге дейін 14,2%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 14,7%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 6,4%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы қаңтардың соңында 79,4%-ды құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%)», - делінген хабарда.
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 582,7 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға азайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 887,3 млрд теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды.
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 7,5%-ға (2 185,9 млрд теңгеге дейін немесе экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,5%) азайды», - делінген хабарда.
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі қаңтарда 4,7% төмендеді – Ұлттық банк
