Барлық мектептердің жабдықталуын НЗМ деңгейіне жеткізу керек - Назарбаев

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Әкімдерге Шығыс Қазақстан облысының үлгісінде жұмыс жүргізуді тапсырамын, ол жерде барлық 277 мектеп НЗМ (Назарбаев зияткерлік мектептері – ҚазТАГ) стандарты бойынша жабдықталған, деді Қазақстан президенті Н.Назарбаев.
Президент білім саласында «мұғалімдердің жұмысы, жалақысы жақсаруда, оқыту бағдарламасы жаңартылуда» екенін айтты. «Мысалы, маған кеше ШҚО әкімі облыстағы 277 мектеп НЗМ стандарты бойынша жабдықталғанын жеткізді. Неге басқалары жасай алмайды? Әкімлдерге осы үлгі бойынша жұмыс жүргізуді тасырамын», - деді Назарбаев сәрсенбіде үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.
Ол айта кеткендей, барлық мектептерді толыққанды интернетпен, сондай-ақ мектеп көлігімен қамту қажет.
«Бұл ретте ДЭФ ЖБИ (Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабылеттілік индексі – ҚазТАГ) рейтингінде білім сапасы бойынша біздің деңгейіміз төмендеуде. Бірақ жалпы сауаттылық бойынша бізге жақсы баға береді. 2017 жылы 73- орында, ал қазір 77-орындамыз. Жұмысты нашарлатып жатырсың",- деді президент білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке.
"Шындығында 2017 жылы 73-орында болдық. Үлкен жұмыстар жүргізілді. Біз бағдарламаны толығымен ауыстырдық, енді нәтижесін көруіміз керек. 2018 жылы кешенді көрсеткіш бойынша біз әлем бойынша 57-орындамыз. Барынша жақсартамыз деп ойлаймын (рейтингті)", - деді білім министрлігінің басшысы.

adimage