Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ – Барнауылдағы Алтай ядролық медицина орталығы қазақстандықтарға қызмет көрсетпек, деп хабарлады ТАСС.
«Қазір медицина қызметінің экспорты тақырыбы өзекті, ал біздің өңір - Қазақстанмен шекаралас. Біз жылына бірнеше жүз науқас ол жақтан келіп, осындай қызмет ала алатынына сенімдіміз», - деп мәлім етті Алтай өңірінің губернаторы Виктор Томенко Ресейлік инвестициялық форум барысында.
Оның айтуынша, орталықты 2019 жылдың мамыр-маусым айларында пайдалануға беру жоспарлануда.
Барнауылдағы Алтай ядролық медицина орталығы қазақстандықтарға қызмет көрсетпек
