«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында питерлік СКА-дан жеңілді

Күні: 09:30, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында питерлік СКА-дан 3:5  есебімен жеңілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Санк-Петерборда өткен матч өте тартымды болды. Бірінші болып астаналықтар есеп ашты. Бірақ питерліктер оған қарымта ретінде төрт шайба салды. Астаналықтар есеп айырмасын мейлінше азайтты. Бірақ үшшінші кезеңде астаналықтар қақпашыны алтыншы ойыншымен алмастырған еді, питерліктер бос қақпаға тағы гол салып кетті. Питерліктерден Антон Белов, Джимми Эрикссон, Патрик Торесен, Александр Барабанов және Илья Ковальчук шайба салды. Астаналықтардан Роман Савченко, Михаил Рахманов және Роман Старченко гол салды. Бірақ бұл жеңіліс «Барыстың» турнир кетесіне әсер етпеді, олар бұрынғысынша 33 ұпаймен Шығыс Конференцияда бесінші орынды ұстап тұр.
27 қазанда Астанада «Барыс» Ханты-Мансийскінің «Югра» командасымен кездеседі.


Жаңалықтармен бөлісу: