«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында «Сочиді» жеңді – 5:4

Күні: 12:05, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – «Барыс» «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында «Сочиді» жеңді – 5:4, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Матч Астанада өтті және айдын иелері үшін ол сәтсіз басталды. Олар шайба жіберіп алды, бірақ көп ұзамай қиын жағдайдан құтылып кете алды. Жалпы алғанда ойын екі команданың тең нәтижелілігімен өтті және негізгі уақытта жеңімпазды анықтау мүмкін болмады, себебі кездесу 4:4 есебімен тең аяқталды. Овертайм еш нәтиже бермеді, ал буллиттер сериясында қазақстандық хоккейшілерге сәттілік жолдас болды.
Жеңімпаздар сапынан Дастин Бойд, Брэндон Боченски, Талғат Жайлауов, Константин Руденко гол соқты, ал шешуші шайбаны буллит сериясында Найджел Доус салды.
«Сочиден» Роман Дерлюк, Корри Эмертон, Илья Крикунов, Андрей Костицын көзге түсті.
Осы жеңістің арқасында, «Барыс» 47 ұпай жинап, Шығыс конференциясында төртінші орынға тұрақтады.
14 қараша күні өтетін келесі матчта «Барыс» омбылық «Авангардпен» кездеседі.


Жаңалықтармен бөлісу: