«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында тольяттилік «Ладаны» жеңді

Күні: 10:02, 30-10-2014.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында тольяттилік «Ладаны» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Астанада өткен матч өте тартымды болды. Бірінші болып қонақтар есеп ашты. Бірақ астаналықтар есепті теңестіріп үлгерді. Екінші кезең голсыз болып, ойынның 45-ші минутында астаналықтардан Майк Ландин шайба салып үлгерді.
Осы жеңіс арқылы «Барыс» 37 ұпай алып, Шығыс конференцияда бесінші орында қалды.
31 қазанда Астанада өтетін келесі матчта «Барыс» нижнекамскінің «Нефтехимигімен» кездеседі.


Жаңалықтармен бөлісу: