Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдыны МББ туралы: алдын ала шешім шығармаңыздар

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Бас прокуратура Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыны мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесіне түсінік берді.
«Алдын-ала қорытынды жасамаңыздар. Кез келген адамның өтініш беруге құқығы бар. Бұл арыз сотта қаралады. Өтініш жазса да, ол бірден босатылып, бостандыққа шығады дегенді білдірмейді. Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы мүмкін», – деп жауап берді бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев мәжіліс кулуарында.
Чиндалиев еске салғандай, мерзімінен бұрын шартты түрде босату бойынша шектеулер бар. Олар кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағандар, адам өліміне әкеп соққан терроризм, экстремизм деректері.
Жақын күндері белгілі болғандай, Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға өтініш жазған еді.
Еске салсақ, Назарбаевтың жиені екі компанияға мүліктік залал келтіру және жымқыру бабы бойынша жазасын өтеп жатыр. 26 қыркүйекте сот Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айырды.

adimage