Бас прокуратура бір бюджеттік бағдарлама бойынша Т235 млрд-қа жуық қаражат сұрауда

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Бас прокуратура бір бюджеттік бағдарлама бойынша Т235 млрд-қа жуық қаражат сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 0; 2024 жыл - 59 280 713; 2025 жыл - 59 734 988; 2026 жыл - 58 491 478; 2027 жыл - 57 490 329», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т234 997 508 000.

Бюджеттік бағдарламаның негіздемесіне сәйкес, бағдарлама нормативтік құқықтық актілерді дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүзеге асыру мақсатында, прокуратура органдары мен ведомстволарының қызмет істеуін, мемлекеттік органдармен, заң компанияларымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты – заңдылықты қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайту.

«Міндеттер: прокуратура органдарына халықтың сенім деңгейін арттыру», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage