Бас прокуратураның жанындағы басқарма күзет қызметтеріне Т1,2 млрд-қа жуық жұмсамақ

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Бас прокуратураның жанындағы басқарма күзет қызметтеріне Т1,2 млрд-қа жуық жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық камсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - күзет қызметтері; қосымша сипаттамасы - прокуратура органдарына физикалық күзет қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 190 476 191,07», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында өтеді.

«Қорғалатын объектілер: прокуратура органдарының ғимараттары және оларға іргелес қорғалатын объектілердің техникалық паспорттарының жоспарсұлбаларымен айқындалған аумақ. Объектілердің сипаттамасы: прокуратура органдарының объектілері террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жатқызылған және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес қажетті физикалық күзетпен және инженерлік-техникалық нығайтумен қамтамасыз етіледі. Объектілердің кіру топтары күзет персоналы үшін жұмыс орындарымен, кіруді басқару жүйесінің қондырғыларымен, аркалы және қол металл детекторларымен, қол жүгін және багажды тексеруге арналған рентген-телевизиялық қондырғылармен, бейнебақылау камераларымен және күзет-өрт дабылымен жабдықталған», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: 716.kz


adimage