«Баспана» ипотекалық ұйымын «ҚазМұнайГаз» бұрынғы топ-менеджері басқарады

Күні: 15:38, 05-06-2019.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – «Баспана» ипотекалық ұйымын «ҚазМұнайГаз» бұрынғы топ-менеджері басқарады, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
«ҚР Ұлттық банкінің 2019 жылғы 5 маусымдағы шешімімен «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ басқармасының төрағасы болып Оспанов Ерболат Серікұлы тағайындалды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Оспанов 2017 жылдан бері «Қазақстандық ипотекалық компания ИҰ» АҚ тәуелсіз директоры (CEO) болған. Әр жылдары «Borgata Mayer Inc.» компаниясында CEO қызметін, «KMG Kashagan B.V.» ЖШЖК-де сыртқы байланыс жөніндегі департамент директоры, «Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» жергілікті мазмұнды дамыту департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ Астана филиалы директорының орынбасары, «Алма-Трейдинг» ЖШС атқарушы директоры, «Казахинстрах» ЖАҚ басқармасының төрағасы, «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ президенті және басқа да қызметтерді атқарған.
«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық банкі болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: