Батырбековтың қорғаушыларына Сарыағаштағы мемқызметкерлерден куәгерлер ретінде жауап алуға рұқсат етті

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Амангелді Батырбековтың қорғаушыларына Сарыағаштағы мемқызметкерлерден куәгерлер ретінде жауап алуға рұқсат етті, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«22 қарашада Түркістан облыстық сотының журналист Амангелді Батырбековтың ісі бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы күткеннен бұрын аяқталды. Оған сотталушының бірнеше өтінішінің қанағаттандырылуы себеп болды. 25 қарашада қорғаушының куәгерлері ретінде Сарыағаштан мемқызметкерлер шақырылған. Жоғары сот сондай-ақ, осы аудандағы мектеп директорларының жеті еңбек кітапшасын алдыртуға шешім қабылдады. (…) Бұрынғыша сот процесті онлайн арқылы тікелей көрсетуге және смартфонды қоладнуға тыйым салды. Тек телеарна камераларына түсірілім жасауға рұқсат етті», - делінген жұмадағы хабарда.
Еске салсақ, 2019 жылғы 23 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті жала жапқаны және қорлағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Бұған Келес ауданының білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиевтің шағымы негіз болды, ол туралы Батырбеков өзінің Facebook парақшасында бірқатар сыни жазбаларды жариялаған.
27 қыркүйекте «Әділ сөз» қоры Түркістан облысындағы Батырбековке қатысты айыптау үкіміне түсінік бере келе, Қазақстанның тағы да БҰҰ-ның жала үшін қылмыстық жауаптан босату туралы ұсынысына кезекті рет назар аудармағанын хабарлады.
14 қазанда Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры журналист Амангелді Батырбековты өз пікірін білдіргені үшін бас бостандығынан айыру Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауынан туындайтын елдің міндеттемелерін өрескел бұзатыны туралы жаңа мәлімдеме жасадыі.
22 қазанда Сөз бостандығын қорғау және көтермелеу саласындағы әлемдік жетекші үкіметтік емес ұйымдардың бірі «Шекарасыз тілшілер» (RSF) Қазақстан билігін журналист Амангелді Батырбековты босатуға және қазақстандық БАҚ-тың ізіне түсуді тоқтатуға шақырды.
«Бұл қатаң үкім көптеген процессуалдық бұзушылықтарға жол берілген сот тергеуі аяқталғаннан кейін шығарылды. Біз Қазақстанның сот билігін апелляциялық өтіншіті басқа өңірде қарауды және халықаралық сөз бостандығы стандартына сәйкес шешім қабылдауды сұраймыз. Және, ақырында, қазақстандық билік егер олардың реформа туралы сөздері шынымен қабылдансын десе, баспасөз жұмысымен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталсын», - деп қадап айтқан Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша RSF бөлімшесінің басшысы Иоганн Бир.
Қазақстанның журналистердің ізіне түскендігінің кезекті мысалы 7 қарашаға жоспарланған адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңесіндегі Қазақстанның келесі жан-жақты мерзімдік шолуына бірнеше апта қалғанда пайда болған.
«Қазақстан үкіметінің басқаша ойлайтындарға деген осындай қарым-қатынасы көзден таса қалмайтынын және тиімді болып табылмайтынын есте сақтағаны өте маңызды. Батырбековты сотпен қудалау тоқтатылуы және жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің алынып тасталуы керек», - деп атап өтті IFEX.
Қазақстан 2019 жылғы RSF әлемдік баспасөз бостандығы индексінде 180 елдің ішінде 158-орында тұр.
22 қарашада «Әділ сөз» Түркістан облыстық сотының құрамында Талғат Оңғарбаев, Әшірбек Рахымбаев және төрағасы Таубай Қадырбаев бар сот алқасы сотталушының бірінші сатыдағы сот отырысының хатшысынан куәгер ретінде жауап алу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Мұндай жауап алудың мақсаты - алғашқы екі отырыстың айыпталушының қатысуынсыз өткенін дәлелдеу болатын.

adimage