Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Данияр Дәуітәлиев. Батыс Қазақстан елдің бірыңғай энергожүйесімен 2020 жылдан кейін біріктіріледі.
«Бізде ендігі ұзақмерзімдік перспективадағы жобалар тұр бұл – Қазақстанның батысын Қазақстанның бірыңғай энергожүйесімен біріктіру», - деді «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазір аталған жобаны жүзеге асырудан ықтимал табыстар табу қарастырылуда. «Бізде компаниямыздың даму стратегиясында бұл жобалардың жүзеге асырылу мерзімі 2020 жылдарға жатады», - деп нақтылады ол ҚазТАГ агенттігіне берген түсініктемесінде.
Б. Қажиевтің байқауынша, бүгіндері Қазақстанның батысы «іс жүзінде өздігінен балансталуда». «Қуаттылық бойынша шамалы тапшылық бар. Электроэнергия бойынша да емес, Ресей Федерациясынан келетін жеткізімдер есебінен бүркеліп отырған қуаттылықтар бойынша», - деп түйіндеді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Ақтөбе облысының әкіміне экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды6 Желтоқсан 2023, 18:41
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі6 Желтоқсан 2023, 13:49
-
Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған «Блогер» ұсталды6 Желтоқсан 2023, 11:40
-
Тоқаев Финляндия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады6 Желтоқсан 2023, 11:23