Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы уақытша өзгертілді

Күні: 13:30, 02-08-2019.

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы уақытша өзгертілді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Республикалық маңызы бар А-31 «Чапаево-Жалпақтал-Қазталовка-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 157-192 км учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша айналма жолдар ашылды. Уақытша қозғалыс негізгі жолдың оң жағынан 163-170,2 шақырым аралығында ұзындығы 7,2 шақырым айналма жол арқылы жүзеге асуда», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ағымдағы жылы айналма жолды 163 шақырымнан бастап 178,5 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.
«Сонымен қатар, Р-44 «Қазталовка-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы» күре жолының бойында 4,8-8,4 шақырым аралығында, жалпы ұзындығы 3,6 шақырым уақытша айналма жол ашылды. Айналма жол негізгі жолдың оң жағында орналасқан», - делінген хабарда.
Ұлттық компанияда нақтыланғандай, биыл айналма жолдың ұзындығын 9 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.
«Барлық айналма жолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабық жол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған», - деді баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: