Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам жанып кетті

Орал. 25 маусым. ҚазТАГ- Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado жүк көлігімен соқтығысып, үш адам жанып кетті, деп хабарлайды «Мой город».

« 24 маусым күні сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында жол апаты болды. Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды", - деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Фото көзі: mgorod.kz


adimage