Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданының атауы өзгертіледі

Күні: 16:08, 28-09-2018.

Орал. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының атауын Бәйтерек деп ауыстыру жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Атауын өзгерту  (Зеленов ауданын Бәйтерек деп – ҚазТАГ) – бұл уақыт талабы, және бұл шешімді аудан халқы қолдады», - деп мәлімдеді жұма күні мәслихат сессиясында БҚО тілдерді дамыту басқармасының бастығы Айгүл Мыңбаева.
Депутаттар бірауыздан Зеленов ауданының атауын өзгертуді қолдады.  
Атап өтсек, аудан тұрғындары атауын өзгертуге қарсы болған еді.  
Аудан тұрғындарының айтуынша, көбісін қоғамдық тыңдаудың өтетіні туралы ескертпеген, ал ол Зеленов ауданының әр ауылында өткен.  


Жаңалықтармен бөлісу: