Батыс Қазақстанда 300-ден астам полиция қызметкері қысқартылады

Күні: 13:33, 18-10-2018.

Алматы. 18 қазан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам полиция қызметкері қысқартылады, деп хабарлады  «Мой город» порталы.
«Президент өз жолдауында полиция қызметкерлерін қайта аттестаттаудан өткізу негізгі маңызды міндет екенін атап өтті. Әр қызметкер қайта аттастаттаудан өтеді. Әлбетте, талаптары күшейтіледі. Ішкі істер органында бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін қызметкерлер ғана қалады, сауатты, тиісті заң білімі барлар ғана. Қазір біз жеке құрамның  10% қысқартуға кірістік. Департаменттің жеке құрамы 3,5 мың қызметкерден тұрады. Қысқартуға 300-ден астам қызметкер ілігеді.  Бірақ бұл әлі де ақырғы сан емес», - деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Аймұрзин.
Ол атап өткендей, жаппай аттестаттациялау келесі жылы жүргізілетін болады.  
«Бүгінгі таңда ішкі істер органына өздеріне тән емес міндеттер жүктелген. Олар басқа органдарға беріледі.  Нақты қандай міндеттер екенін мен қазір айта алмаймын.  Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен нақты жоба әзірленіп жатыр. Соған байланысты ІІД полиция департаменті болып қайта өзгертіледі және полиция өзіне сай міндеттермен ғана айналысатын болады», - деп атап өтті   Б. Аймурзин.


Жаңалықтармен бөлісу: