Батыс Қазақстандағы қауіпті электртасымал желілеріне мыңдаған дала қыраны түсіп өледі- сарапшылар

Орал. 6 қараша. ҚазТАГ- Батыс Қазақстандағы қауіпті электртасымал желілеріне мыңдаған дала қыраны түсіп өледі, деп хабарлады Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясының баспасөз қызметі.

«Батыс Қазақстанда қауіпті электр тасымал желілері дала қырандарының популяциясына нұқсан келтіруде. Осы орайда қауымдастық өкілдері құстарға қауіпті ЭТЖ иелеріне бір жыл уақыттың ішінде құстардан қорғайтын заманауи құрылғыларды орнатып, ескірген оқшаулау жүйелерін ауыстыруды ұсынып отыр»,- делінген хабарламада.

Қауымдастық мамандары Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы электртасымал желілеріне (ЭТЖ) орнитологиялық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 459 құстың тоққа түсіп өлгені анықталған.

«Батыс Қазақстан облысында 329 км ЭТЖ тексерілді, оның 248 км қауіпті деп танылды, ал Ақтөбе облысында 425 км желінің 218 км қауіпті болып шықты. Құстардың басым бөлігі ток соғып қырылып жатыр»,- делінген хабарламада»,- делінген АСБК хабарламасында.

Фото көзі: АСБК


adimage