Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз» зымыран тасығышы апатқа ұшырады, ғарышкерлер аман, кінәлілер анықталуда

Күні: 17:42, 11-10-2018.

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз» зымыраны апатқа ұшырады, деп хабарлады ұшырылымды тікелей түсіру  кезінде диктор. «Зымыран тасығышының апаты», - деп келтірген ұшыруды тікелей түсіру кезіндегі диктордың сөзін ТАСС.
Оның айтуынша, «Союз МС-10» экипажы баллистикалық түсу  режиміне көшкен.
Оның артынша Байқоңырдағы «Союз» зымыранының апатқа ұшырауынан кейін ғарышкерлер аман қалды, деп хабарлады мемқауымдастық басшысы Дмитрий Рогозин.
  «Союз» экипажы жерге қонды. Ғарышкерлер аман», - деп жазды   Д.Рогозин  Twitter-де.
РФ вице-премьері Юрий Борисов егер «Союз» зымыран  тасығышының апатқа ұшырауын тексеру нәтижесі бойынша нақты кінәлі адамдар анықталатын болса ғарыш саласында кадрлық шешімдер қабылдануы мүмкін деп мәлімдеді.  
«Алдымен себебін анықтау керек. Егер осы апаттық жағдайға (Байқоңырдағы –ҚазТАГ) нақты кінәлілер анықталатын болса, онда, әрине, тиісті кадрлық шешімдер қабылданады. Бұл қалыпты жағдай», - деп келтіреді ТАСС вице-премьердің сөзін.  
Еске салсақ, Байқоңыр ғарыш айлағынан сағат Астана уақытымен 14.40-та экипажы бар «Союз МС-10» басқарылатын әуе кемесі халықаралық ғарыш стансасына ұшырылған болатын.  
«Союз» әуе кемесі ХҒС-ға құрамында ресейлік Алексей Овчинин мен америкалық Ник Хейг бар халықаралық экипажды жеткізуі керек болатын.   «Союз МС-10» зымыраны ХҒС-на 11 қазан Астана уақытымен 20.44 (+/-3минут) жетуі керек болатын», - делінген бейсенбідегі хабарда .


Жаңалықтармен бөлісу: