Байқоңыр мектептерінде оқып жатқан қазақстандық балаларға президенттерің Путин деп үйретуде, деп қынжылды Көшербаев

Күні: 12:25, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. РФ жалға алып отырған Байқоңыр мектептерінде білім алып жатқан қазақстандық балаларға президенттерің – РФ басшысы Владимир Путин деп үйретуді жалғастыруда, деп хабарлады Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
«Бізде ол жақта қазақстандық стандарт емес, ресейлік стандарт бойынша қазақстандық балалар оқып жатқан 6 мектеп бар. Қазақ балалары қазақ мектептерінде «менің президентінің (РФ президенті Владимир – Путин) – Путин» деп жазылған оқулықтарды оқып отыр. Бұл қалай болғаны? (...) Ертең олар қандай азамат, патриоттар болады?», - деді Қ. Көшербаев жұма күнгі брифингіде.
Оның айтуынша, ондай мектептерді аяқтаған соң қазақстандық балалар Қазақстан ЖОО-ларына түсе алмайды.
Осыған байланысты, ол екі білім министрлігінің бірлескен жұмысы жүргізіп жатқанын хабарлап өтті. Әкім аталған мәселенің өз жауабын табатынына өз үмітін білдірді.


Жаңалықтармен бөлісу: