Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ – Байқоңырда қаржы пирамидасы бойынша қазақстандық банктегі шот иелері іздестірілуде, деп хабарлады кешен прокуратарасының баспасөз қызметінен.
«Қазіргі таңда белгілі болғандай, Байқоңырдың тоғыз тұрғыны ақша салымынан жоғары кіріс алу мақсатында ғаламтор желісі арқылы қазақстандық банктердің біріндегі білгісіз адамдардың шотына ақша аударған. Алаяқтармен ғаламтор арқылы байланысып отырған жәбірленушілер аталмыш азаматтар мен заңды тұлғалар туралы ақпаратты тексермей, ағымдағы жылдың тамызы мен қазаны аралығында болашақта салған қаражаттарын көбейтіп аламыз деген үмітпен 250 мың рубльден астам қаржы аударған», - делінген хабарда.
Қадағалаушы органда нақтылағандай, ары қарай аталмыш ақшалай қаражатты қаскөйлер ұрлап кеткен, жәбірленушілер болса одан бірде-бір пайыз алмаған.
«Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жағдайдың мән-жайын және аталмыш қылмысқа қатысы барларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деді прокуратурадан.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08