Байқоңырда балабақшалар мен мектептердегі өрте қарсы қауіпсіздік жағдайы сынға қалды

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ – Байқоңырда балабақшалар мен мектептердегі өрте қарсы қауіпсіздік жағдайы қатаң сынға қалды, деп хабарлады кешен прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Байқоңырда орналасқан мектептер мен балабақшалардың өртке қарсы қауіпсіздігі қамтамасыз ету жұмыстарының жағдайы прокурор тарапынан (Александр Трифонов – ҚазТАГ) қатаң сынға қалды. Прокуратура қызметкерлері мен ТЖМ жүргізген тексеріс барысында көптеген бұзушылықтар анықталған. Олар білім беру мекемелеріндегі күзет-өрт дабылқаққыш жүйесіне тиісті қызмет көрсетілмеумен, өртке қарсы шараларды қаржыландырудан жалтарумен, өртке қарсы жүйенің техникалық жағдайының сәйкес келмеуімен байланысты», - деп хабарлады бейсенбіде ресейлік қадағалау органынан.
Хабарда атап өтілгендей, көптеген адам өліміне алып келуі мүмкін мектептер мен балабақшаларда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында кешен прокуроры жауапты тұлағаларға қалыптасқан жағдайды түзетуге бағытталған нақты міндеттер қойды.

adimage