Байқоңырда жағатын мазут проблемасына қарамастан жылыту маусымы басталды

Күні: 18:11, 29-10-2014.

Байқоңыр. 29 қазан. ҚазТАГ - Байқоңыр қаласында жағатын мазут қорының тапшылығына қарамастан 29 қазанда жылыту маусымы басталды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  
«Байқоңыр қаласы әкімшілік басшысының 28 қазандағы өкіміне сәйкес 29 қазаннан бастап жылыту маусымы басталып,  тұрғын үй қоры мен басқа тұтынушылар  «Байқоңырэнерго» ӨЭБ» МБК жылу желісіне қосылды», - деді сәрсенбіде тілші.  
Апта басында ауа температурасының күрт минус 10 градусқа дейін төмендеп кетуіне байланысты қаланың балабақшалары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері жылу желілеріне қосылды.  
Қалалық әкімшілік мәліметінше, ай басында қазақстандық жеткізушілерден Байқоңырға отын жеткізу ұйымдастырылды. Соның арқасында 1600 тонна жағатын мазут қоры жиналды. Жақын күндері Ресейден 42 цистерна, Қазақстаннан 4 цистерна мазут әкеледі деп күтілуде.  
Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңыр қаласында 5 қазаннан бастап тұтынушылар үшін жылу жеткізгіш температурасын шектеу енгізілді. Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі «жылу жеткізгіш температурасын төмендетуге мәжбүр қылған мазут қорының жеткілікті болмауы» деген болатын.  
Мазут қоры жеткізушілердің өз міндеттерін орындамауынан туындап отыр. Мысалы, шарттағы міндеттемелері бойынша «Байқоңыр» ӨӘБ» МБК  30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында жеткізушілер 750 тона мазут әкелу керек болған, алайда белгісіз себептерге байланысты мазут жеткізілмеген.  
Байқоңырға Ресей арқылы мазут жеткізу ҚР-ға РФ-дан мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салынуына байланысты биыл 1 қаңтардан бастап тоқтатылды.  Бұл «Байқоңырэнерго» ОЭБ» МБК-ке ресейлік мекемелермен мазут жеткізуге шарт жасауға мүмкіндік бермеген.  
2014 жылдың қыркүйек айының басында РФ мен ҚР энергетика министрлігі арасында РФ аумағынан Байқоңырға мазут жеткізуге рұқсат беру туралы келісім жасалды, алайда мазут сатып алу үшін федералды заңмен белгіленген баға қою және жеткізушімен шарт жасалу керек.


Жаңалықтармен бөлісу: