Баянауыл ұлттық паркіндегі өрттің шығуына найзағай себеп болуы мүмкін

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Баянауыл ұлттық паркіндегі өрттің шығуына найзағай себеп болуы мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«3 тамызда 13:39-да Баянауыл ауданы Торайғыр ауылындағы Баянауыл кентінен 40 шақырым қашықтықта, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман мен құрғақ шөп өртенді. 4 тамызда 12:15-те 0,3 гектар аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт жай түскеннен болуы мүмкін. Толық анықтама комиссия тексерісінен кейін беріледі», - деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, ТЖД, ұлттық табиғи парк, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 51 адам, 13 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, ТЖК құтқару авиациясы мен ұлттық табиғи парктен 2 тікұшақ тартылды.
«ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-706 тікұшағы 19 рет 57 тонна су шашты», - деп нақтылады Нұрахметов.

adimage