Байбектің қатысуымен өткен отырысқа журналистерді жібермеу бойынша Алматы әкімдігіне түсіндіру жүргізілді

Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен отырысқа журналистерді жібермеу бойынша Алматы әкімдігіне түсіндіру жүргізілді, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрілігнің баспасөз қызметінен.  
«Сіздің хатыңызда айтылған дерек бойынша Алматы қ. әкімдігімен түсіндіру сипатындағы жұмыс жүргізілді және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс берілді», - деп мәлім етті дүйсенбіде ҚазТАГ ХАА ресми сауалына берген ҚР АКМ жауабында.  
Ведомствода атап өткендей, министрліктің «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңына енгізілген өзгерістер аясында БАҚ-пен меморгандардың өзара қарым-қатынасына бағытталған  ережелер мен қағидалар әзірленіп, бекітілді.  
«Баспасөз хатшыларының қызметтері мен статусы анықталған баспасөз қызметі бойынша типтік ереже бекітілді. Ереженің 2 тармағы 8 тармағы 3 тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас бойынша өкілетті тұлға (бөлімше) журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуді жүзеге асыруға, мемлекеттік органның, сондай-ақ оның қызметінің құзырлығына қатысты мәселелер бойынша толық және кеңінен ақпарат  алуға ықпал етеді», - деп атап өтті ҚР АКМ.
Еске салсақ, 10 тамызда Алматыда әкім Б.Байбектің қатысуымен өткен қала қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық кеңесте кейбір БАҚ өкілдері кіргізілмеді. Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сапакова айтып өткендей, журналистер тізімі «министрлікпен» келісілген-мыс, ал қоғамдық кеңестің өзі бұл ақпарды теріске шығарды, олар журналистерді шақырумен әкімдіктің баспасөз қызметі айналысқанын айтты.

adimage