Алматы. 18 қыркүйек.ҚазТАГ- Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу үшін Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
«Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды»,- делінген хабарламада.
2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.
«Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз»,- деді Қорғаныс министрлігі.
Қатысты сілтемелер
-
Жетісуда мәдени-демалыс жұмысын қолдауға Т14,5 млрд сұрауда
11 Қазан 2024, 16:22 -
Шымкентте теміржол өтпесін салуға Т6,7 млрд жұмсамақ
11 Қазан 2024, 14:46 -
Жамбыл облысында есіркінің ірі партиясымен екі ер адамды ұсталды
11 Қазан 2024, 12:55 -
Үкімет 2025 жылдың соңына қарай еліміздегі әуе кемелердің санын 120-ға жеткізбек
11 Қазан 2024, 12:51