Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Беларусия билігі күш көрсеткендері үшін кешірім сұрады, ұсталған мыңдаған адам бостандыққа шығып жатыр, деп хабарлады белорустық тәуелсіз БАҚ.
«Зорлық-зомбылық салдарынан зардап шеккендер үшін, мен, бастық ретінде, бұл жауапкершілікті өзіме аламын және ол адамдардан адам ретінде кешірім сұраймын», - деп мәлім етті Беларусия ішкі істер министрі Юрий Караев.
Милиция соңғы күндері өткен бейбіт шеру барысында ұсталғандарды бостандыққа шығара бастады – олардың көбі күш құрылымдарында қатты соққы алғандарын айтып шағымдануда, кей әйелдерді тіпті құқық қорғау органдары тарапынан зорлаймыз деп қорқытса керек, адамдар көгеріп кеткен жерлерін, резеңке пулдан алған жарақаттарын суретке түсіріп көрсетіп жатыр. Бостандыққа шыққандардың көбі бірден ауруханаларға жөнелтілуде, көбіне психологиялық көмек қажет болуда – адамдар есеңгіреп қалған.
Еске салсақ, Беларусиядағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко экзит-полдың ақпарынша сайлаушылардың 80%-ның дауысына ие болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық әріптесін мемлекет басшысы болып қайта сайлануымен құттықтады.
Минскіде және Беларусияның басқа да қалаларында жаппай қарсылықтар жүріп жатыр. Бұл ретте Telegram мессенджері Беларусияда цензураға қарсы құралын қосты, деді сервистің негізін қалаушы Павел Дуров.
ЕО Беларусия саяси басшылығын ары қарай қиындықтан қашу үшін қоғаммен шынайы және жан-жақты диалог бастауға шақырды және белорустық билікке қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарап жатыр.
Соңғы ақпар бойынша, Беларусиядағы қақтығыс барысында ұсталғандар саны 7 мың адамдай болған, ел халқы жолдарды жаппай жауып тастаған, елдегі ірі кәсіпорындар да ереуілге шыққан, құқыққорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері қызметтік және әскери киімдерін жаппай қоқыс жәшіктеріне тастап немесе өртеп, бұл әрекетке қатыстарының жоғын айтуда.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08