Беларусия ОСК сайлау қорытындысын жариялады – Лукашенко президент лауазымына қайта сайланды

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Беларусия орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының қорытындысын жариялады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Комиссия шешімімен сайлау қорытындысы бекітілді. Беларусь Республикасының президенті болып Александр Григорьевич Лукашенко тағайындалды», - деп хабарлады жұма күні белоруссиялық Орталық сайлау комиссиясынан.
ОСК ақпарынша, Лукашенко 80,1% дауыс жинаған, оның басты қарсыласы – Светлана Тихановскаяға сайлаушылардың 10,12%-ы дауыс берген.
Еске салсақ, Беларусиядағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко экзит-полдың ақпарынша сайлаушылардың 80%-ның дауысына ие болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық әріптесін мемлекет басшысы болып қайта сайлануымен құттықтады.
Минскіде және Беларусияның басқа да қалаларында жаппай қарсылықтар жүріп жатыр. Бұл ретте Telegram мессенджері Беларусияда цензураға қарсы құралын қосты, деді сервистің негізін қалаушы Павел Дуров.
ЕО Беларусия саяси басшылығын ары қарай қиындықтан қашу үшін қоғаммен шынайы және жан-жақты диалог бастауға шақырды және белорустық билікке қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарап жатыр.
Соңғы ақпар бойынша, Беларусиядағы қақтығыс барысында ұсталғандар саны 7 мың адамдай болған, ел халқы жолдарды жаппай жауып тастаған, елдегі ірі кәсіпорындар да ереуілге шыққан, құқыққорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері қызметтік және әскери киімдерін жаппай қоқыс жәшіктеріне тастап немесе өртеп, бұл әрекетке қатыстарының жоғын айтуда.
Бұған дейін хабарланғандай, Беларусия билігі күш қолданғандары үін халықтан кешірім сұрап, мыңдаған қамауға алынғандар бостандыққа шығуда, алайда олардың көбіне медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

adimage