Беларусиядағы қарсылықтар жалғасуда, Еуроодақ диалогқа шақырды және санкция енгізуі мүмкін

Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Беларусияда президент сайлауының нәтижесіне қарсы жаппай акциялар жалғасуда, Еуропа одағы ары қарай қақтығысты болдырмау үшін диалогқа шақырды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Украиналық «НВ» басылымының ақпарынша, Минскіде көшелерді шеруге шыққандардан тазалау басталды, ұсталғандар мен зардап шеккендер бар. Қауіпсіздік күші қарсылыққа шыққандарға қарсы жарықтық және дыбыстық гранаталар қолданып, аулаларды тексеруде. Ұсталғандардың жалпы саны шамамен 5 мың, 200 адам ауруханаға жеткізілген.
Бұл ретте күш құрылымдары журналистерді де ұстауда, соның ішінде шетелдік, сөйтіп түсірген материалдарынт артып алуда. Елде үшінші күн мобильді интернет жұмыс жасамайды.
Цензор.net ақпарынша, Литва президенті Беларусиядағы жағдайды тұрақтандыру шараларын және ықпал ету тетігін талқылау үшін Еуропа Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізуге шақырды.
Tut.by хабарлағандай, ЕО Беларусия саяси басшылығын ары қарай қиындықтан қашу үшін қоғаммен шынайы және жан-жақты диалог бастауға шақырды.
«Одақ демократиялық, тәуелсіз, егеменді, гүлденген және тұрақты Беларусияны қолдауды жалғастырады», - делінген хабарда.
Euronews хабарлағандай, ЕО қазіргі таңда Беларусияға қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарап жатса керек.
Еске салсақ, Беларусиядағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко экзит-полдың ақпарынша сайлаушылардың 80%-ның дауысына ие болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық әріптесін мемлекет басшысы болып қайта сайлануымен құттықтады.
Минскіде және Беларусияның басқа да қалаларында жаппай қарсылықтар жүріп жатыр. Бұл ретте Telegram мессенджері Беларусияда цензураға қарсы құралын қосты, деді сервистің негізін қалаушы Павел Дуров.

adimage