Беларусиядан келген маман «Ақтөбе» футбол клубының бас жаттықтырушысы болды

Күні: 10:18, 10-01-2019.

Алматы. 10 қаңтар. ҚазТАГ - Беларусиядан келген маман Александр Седнев «Ақтөбе» футбол клубының бас жаттықтырушысы болды, деп хабарлады «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметінен.
«Беларусиядан келген маман А.Саднев «Ақтөбе» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Александр Сергеевич «қызыл-ақ» жанкүйерлеріне былтырғы маусым бойынша таныс – ол ақтөбеліктердің жаттықтырушылар құрамында жұмыс жасаған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бұған дейін А. Саднев бас жаттықтырушы ретінде Могилевтің «Савите», Минискінің «Динамо», «Белшинесінде» (Бобруйск) және Могилевтің «Днепрінде» жұмыс жасаған.
Бұған дейін хабарланғандай, белгілі қазақстандық футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» фубол клубын (ФК) сатып алу құқығын иеленген еді.
Бүгінгі таңға дейін ФК жалғыз акционері және иесі Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болатын, ал клубты облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басқарып келді. 2018 жылғы тамыздағы жағдай бойынша клубтың ойыншылары мен қызметкерлері алдында Т673 млн көлемінде кредиторлық қарызы болған.
21 қарашада белгілі болғаны, «Ақтөбе» ФК Т108 млн сомаға сенімді басқаруға берілді.
«Ақтөбе» ФК бойынша электронды сауда үш рет өткізілді. 20 қарашада өткізілген сауда нәтижесі бойынша Смақов Самат жеңімпаз болып танылған. Атап өтерлігі, ол үшінші сауданың жалғыз қатысушысы болған. Клуб ары қарай сатып алу құқығымен жеті жылға сенімді басқаруға берілді. Келісім сомасы Т108 млн құрады», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкіміінің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе» ФК өзі аттас қалада 1967 жылы құрылған. Команда Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері, Қазақстан Суперкубогының үш мәрте иегері – бұл барлық қазақстандық командалар арасында рекорд болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: